Абдрахман Мұрат Құрылтайұлы

1977 жылы 15 тамызда  дүниеге келген , «Водник» ықшам, Боралдай ауылында  өскен. Ұлты қазақ.

1994 жылы Боралдай ауылының 15 орта мектебін бітірді.

1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясына түсіп,  жоғарыда аталған мекемені 1998 жылы экономист мамандығы бойынша бітірп шыққан.  

1998-2002 жылдар аралығында «Әділет» жоғары экономика мектебінің Заң Академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1998 жылдың қарашасынан 2000 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы, «Қарасай Трейд» ЖШС есепшісі болып жұмыс істеді.

2000 жылдың қаңтарынан 2004 жылдың наурызына дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеді.

2004 жылдың шілдесінен 2007 жылдың желтоқсанына дейін екінші деңгейлі банктерде жұмыс істеді.

2007 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Дәулет-Центр» ЖШС бас директоры болып жұмыс істейді.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.