Абдрахманов Айдар Рахымжанұлы

1986 жылы 23 ақпан күні Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақтасты ауылында дүниеге келді.

Еңбек жолын 2010 жылы Қапшағай қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болып бастаған.

2010 – 2015 жылдар аралығында Қапшағай қаласы Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің маманы қызметін атқарды.

2015-2017 жылдары Алматы қаласы «Оқушылар сарайының» МКҚК үлкен концерт залының меңгерушісі қызметін атқарған.

04.01.2017 мен 03.04.2017 жылдары Алматы облысы, Іле аудандық мәдениет үйінің заңгері қызметін атқарған.

21.08.2017 жылдары Алматы қаласы Оқушылар сарайының МКҚК «Өрнек» лагері директорының орынбасары м.а лауазымын атқарған.

01.06.2017 мен 04.09.2017 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы, «Сартауқұм» халық театрының режиссері қызметін атқарған.

01.02.2018 жылы «Оқушылар сарайы» МКҚК балалар бастамаларын үйлестіру бөлімі басшысының м. а. болып болып атқарды.

04.10.2019 жылдан бастап Алматы облысы, Іле ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы қызметін атқаруда.

Марапаттары: Алматы облысы әкімінің Алғыс хаты, Қапшағай қаласы әкімінің Алғыс хаты, Іле ауданы әкімінің Алғыс хаты, Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаты, Тұңғыш Президент мұрағаты грамотсы, Ресейдің Халық әртісі Бедрос Киркоровтың алғыс хаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Алматы қаласы департаменті бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алғыс хаты. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің грамотасы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің грамотасы.

Медаль: “Қосымша білім – 100 жыл” “Еңбек үздігі” медалі, “Қазақ өнерінің қайраткері” медалі.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.